Екі ел көптеген халықаралық мәселелер бойынша, соның ішінде Таяу Шығыстағы бейбітшілік процесі, екі мемлекеттің қатар өмір сүру принципі мен БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің қарарлары негізінде тәуелсіз Палестина мемлекетін құру және Иерусалимдегі ислам және христиан діндері қасиетті жерлерінің хашимиттік қадағалауда болуы, сондай-ақ халықаралық сахнада қолдау алмасу бойынша ортақ ұстанымдарға ие.
Екі ел басшылары жоғарғы деңгейдегі ынтымақтастық пен достастықты ұстанады. Ұлы Мәртебелі король Абдалла II әл-Хусейн Қазақстанға 7 рет ресми іс-сапармен келсе (соңғы іс-сапары – 2017 жылы 1 қараша), Қазақстанның Бірінші президенті Мәртебелі Нұрсұлтан Назарбаев Иорданияға 2004 және 2009 жылдары ресми іс-сапармен барған. Сондай ақ Ұлы Мәртебелі король Қазақстан Республикасының Президенті Мәртебелі Қасым-Жомарт Тоқаев мырзамен 2019 жылғы 25 қыркүйекте Нью-Йоркте өткен БҰҰ Бас Ассамблеясының отырыстарында кездесті.
Бүгінгі күнге дейін екі ел арасында 30-дан астам екіжақты келісімдер мен түрлі салалардағы өзара түсіністік туралы меморандумдарға қол қойылды. Қазіргі уақытта экономикалық саладағы екіжақты ынтымақтастықтың перспективалары мен мүмкіндіктері зерттелуде. Жаңа перспективалар Иорданияға жемістер, көкөністер, құрма, зәйтүн майын, Өлі теңіз өнімдері, фармацевтикалық дәрі-дәрмектер, электротехникалық өнімдер, киімдер, фосфат, калий мен тыңайтқыштарды Қазақстан нарығына экспорттауға мүмкіндік берсе, Қазақстан үшін бидай, арпа, жүгері, ет өнімдері, темір, алюминий және мысты Иорданияғ импорттауға жол ашылады. Алайда көлік шығындарының жоғары құны мен екі ел арасындағы тікелей әуе қатынасының болмауы – негізгі кедергі. Екі ел арасында бірлескен кәсіпорындар құру және туристік топтармен алмасу аясында да келіссөздер жүргізілуде.
Қазақстанда өмір сүріп жатқан иорданиялық азаматтардың саны 700-800 аралығында. Олардың 600-ге жуығы университеттерде білім алып жатқан студенттер. Иорданиялық студенттердің басым бөлігінің таңдауы Алматы, Қарағанды, Астана университеттеріндегі медицина немесе стоматология саласына түскен.
100-ге жуық иорданиялық Астана мен Теңіз мұнай-газ кен орнындарындағы ірі жобаларда жұмыс жасауда және олардың арасында Қазақстан азаматшаларымен некелескен иорданиялықтар да бар.
Иорданияда тұрып жатқан Қазақстан азаматтарының саны 90-100 аралығында. Негізінен қазақстандық азаматтар Иордания университеттерінде араб тілі мен дінтану саласындағы пәндер бойынша білім алуда.
Наши государства имеют общие позиции по многим вопросам, включая мирный процесс на Ближнем Востоке, создание независимого палестинского государства на основе формулы "два государства для двух народов" и резолюций Совета Безопасности ООН, при поддержке и покровительстве Хашимитов исламским и христианским святыням в Иерусалиме, а также взаимной поддержке на международных форумах.
Главы двух стран поддерживают высокий уровень сотрудничества и дружбы. Его Величество Король Абдалла II посещал Казахстан семь раз, последний визит состоялся 1 ноября 2017 года.
Президент Республики Казахстан Нурсултан Назарбаев, Елбасы, посещал Иорданию два раза в 2004 и 2009 годах.
Между двумя сторонами подписано более 30 соглашений и меморандумов о взаимопонимании в различных областях.
Исследуются возможности и перспективы расширения экономического сотрудничества, поскольку Иордания имеет возможность экспортировать фрукты, овощи, оливковое масло, продукцию Мертвого моря, лекарства, электрическую и электронную промышленность, одежду и финики, фосфаты, калий и удобрения на рынки Казахстана, а импортировать из Казахстана пшеницу, ячмень, кукурузу, мясо, железо, алюминий и медь.
Однако, высокая стоимость транспортировки и отсутствие прямого авиасообщения между Иорданией и Казахстаном, является основным препятствием для достижения этой цели.
Количество иорданцев, проживающих в Казахстане, насчитывает около 700-800 человек, из которых около 600 студенты ВУЗов, изучают медицину и стоматологию в трех университетах в городе Алматы, около100 инженеров и рабочих, работающих на крупных проектах в Нур-Султане и на Тенгизе, некоторые работают в разнообразных сферах в Казахстане, большинство из проживающих в Казахстане граждан Иордании состоят в браке с гражданками Казахстана.
Число казахстанцев, проживающих в Иордании, насчитывает от 90 до 100 человек, большинство из которых являются студентами, изучающими арабский язык и религиоведческие дисциплины в университетах Иордании.