- Екі ел арасындағы дипломатиялық қатынас 1993 жылдың ақпан айында орнатылды. Иорданияның Астанадағы елшілігі 2007 жылы уақытша сеніп тапсырылған өкіл тұсында, ал 2010 жылы Төтенше және өкілетті елші деңгейінде ашылды.
- ИОРДАНИЯ МЕН ҚАЗАҚСТАН АРАСЫНДАҒЫ ЕКІЖАҚТЫ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАС
- Екі ел көптеген халықаралық мәселелер бойынша, соның ішінде Таяу Шығыстағы бейбітшілік процесі, екі мемлекеттің қатар өмір сүру принципі мен БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің қарарлары негізінде тәуелсіз Палестина мемлекетін құру және Иерусалимдегі ислам және христиан діндері қасиетті жерлерінің хашимиттік қадағалауда болуы, сондай-ақ халықаралық сахнада қолдау алмасу бойынша ортақ ұстанымдарға ие.
- Екі ел басшылары жоғарғы деңгейдегі ынтымақтастық пен достастықты ұстанады. Ұлы Мәртебелі король Абдалла II әл-Хусейн Қазақстанға 7 рет ресми іс-сапармен келсе (соңғы іс-сапары – 2017 жылы 1 қараша), Қазақстанның Бірінші президенті Мәртебелі Нұрсұлтан Назарбаев Иорданияға 2004 және 2009 жылдары ресми іс-сапармен барған. Сондай ақ Ұлы Мәртебелі король Қазақстан Республикасының Президенті Мәртебелі Қасым-Жомарт Тоқаев мырзамен 2019 жылғы 25 қыркүйекте Нью-Йоркте өткен БҰҰ Бас Ассамблеясының отырыстарында кездесті.
- Бүгінгі күнге дейін екі ел арасында 30-дан астам екіжақты келісімдер мен түрлі салалардағы өзара түсіністік туралы меморандумдарға қол қойылды. Қазіргі уақытта экономикалық саладағы екіжақты ынтымақтастықтың перспективалары мен мүмкіндіктері зерттелуде. Жаңа перспективалар Иорданияға жемістер, көкөністер, құрма, зәйтүн майын, Өлі теңіз өнімдері, фармацевтикалық дәрі-дәрмектер, электротехникалық өнімдер, киімдер, фосфат, калий мен тыңайтқыштарды Қазақстан нарығына экспорттауға мүмкіндік берсе, Қазақстан үшін бидай, арпа, жүгері, ет өнімдері, темір, алюминий және мысты импорттауға жол ашылады. Алайда көлік шығындарының жоғары құны мен екі ел арасындағы тікелей әуе қатынасының болмауы – негізгі кедергі. Екі ел арасында бірлескен кәсіпорындар құру және туристік топтармен алмасу аясында келіссөздер де жүргізілуде.
- Қазақстанда өмір сүріп жатқан иорданиялық азаматтардың саны 700-800 аралығында. Олардың 600-ге жуығы университеттерде білім алып жатқан студенттер. Иорданиялық студенттерінің басым бөлігінің таңдауы Алматы, Қарағанды, Астана университеттеріндегі медицина немесе стоматология саласына түскен. 100-ге жуық иорданиялық Астана мен Теңіз мұнай-газ кен орнындарындағы ірі жобаларда жұмыс жасауда және олардың арасында Қазақстан азаматшаларымен некелескен иорданиялықтар да бар.
- Иорданияда тұрып жатқан Қазақстан азаматтарының саны 90-100 адамды құрайды. Негізінен қазақстандық азаматтар Иордания университеттерінде араб тілі мен дінтану саласындағы пәндер бойынша білім алуда.
- Дипломатические отношения между двумя странами были установлены в феврале 1993 года. Посольство Иордании в Нур-Султане (ранее Астана) было открыто в 2007 году на уровне поверенного в делах, затем на уровне постоянного посла в 2010 году
- ДВУСТОРОННИЕ ОТНОШЕНИЯ МЕЖДУ ИОРДАНИЕЙ И КАЗАХСТАНОМ
- Обе стороны занимают общие позиции по многим международным вопросам, включая мирный процесс на Ближнем Востоке, создание независимого палестинского государства на основе принципа сосуществования двух государств и резолюций Совета Безопасности ООН, и поддержку хашимитской опеки над исламскими и христианскими святынями в Иерусалиме, а также обмен поддержкой на международной арене.
- Руководство двух стран поддерживают высокий уровень сотрудничества и дружбы, поскольку Его Хашимитское Величество король Абдалла II ибн аль-Хусейн, посетил Казахстан 7 раз, последний из которых был 1 ноября 2017 года, в то время как Его Превосходительство Первый Президент Казахстана Нурсултан Назарбаев дважды посетил Иорданию в 2004 и 2009 годах.
- Его Величество король также встретился с Его Превосходительством Президентом Республики Казахстан Касым-Жомартом Токаевым в Нью-Йорке 25 сентября 2019 года в ходе заседаний Генеральной Ассамблеи ООН.
- До сегодняшнего дня между двумя странами было подписано более 30 двусторонних соглашений и меморандумов о взаимопонимании в различных областях. В настоящее время изучаются широкие перспективы и возможности двустороннего сотрудничества в экономической сфере, что позволит Иордании экспортировать фрукты, овощи, оливковое масло, продукты Мертвого моря, фармацевтические препараты, электротехнические продукции, одежду, финики, фосфаты, калий и удобрения на рынки Казахстана, а также импорт пшеницы, ячменя, кукурузы, мяса, железа, алюминия и меди из Казахстана. Однако высокая стоимость транспортных расходов и отсутствие прямого воздушного сообщения между двумя странами являются основными барьерами для достижения этого сотрудничества. Также ведутся переговоры по поводу создания совместных предприятий между двумя странами и обмен туристическими группами.
- Количество иорданцев, проживающих в Казахстане, оценивается между 700-800 гражданами, из которых около 580 - студенты университетов, большинство из которых изучают медицину и стоматологию в казахстанских университетах в Алматы, в Караганде и в Нур-Султане, и около 100 инженеров и рабочих, работающих в двух крупных проектах в столице Нур-Султане и Тенгизской области, и некоторые работают в разнообразных сферах в Казахстане, и большинство из них состоят в браке с гражданками Казахстана. Число казахстанцев, проживающих в Иордании насчитывает 90-100 человек, большинство из которых являются студентами, изучающими арабский язык и религиоведческие дисциплины в университетах Иордании.